
№44 мектеп-гимназиясында 1-11-сыныптар аралығында толыққанды білім беру үдерісіне барлық жағдай жасалған. Мұнда отыздан астам оқушы сыныбы, оннан астам зертханалық жұмыс кабинеттері, спорт залы мен ойын алаңдары бар. Мектеп 200 орындық акт залымен, асханамен, толық жабдықталған ағылшын тілі кабинетімен, лингафон кабинетімен, еңбекке үйрету шеберханаларымен және жеке атыс тирі бар алғашқы әскери дайындық кабинетімен жарақталған.
Шеберханаларда қыздар аспаздық және тігіншілік (асхана жабдықтары бар), ал ұлдар ағаш ұстасы мен токарлық (станоктар мен тігін машиналары бар) мамандықтарын оқи алады.


